Иран МАГАТЭ өкілдеріне ядролық нысандарын тексертеді
Иран билігі Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік мамандарына ядролық нысандарды тексеруге рұқсат береді.
Бұл туралы ұйым басшысы Рафаэль Гросси мәлімдеді. Ол Тегеранға жасаған сапары барысында Иран президенті Ибрахим Раисимен және сыртқы істер министрі мен ядролық энергия бойынша ұлттық агенттік басшысымен кездескен. Иранмен арадағы келісімге 2015 жылы қол қойылған болатын. Онда Иран уран өндіруді азайтуға, ал халықаралық қауымдастық Тегеранға салынған санкцияларды жеңілдетуге міндеттенген еді.