Перуде жол апатынан 12 адам қаза тапты

Перудің солтүстік-батысында жолаушы автобус мототаксимен соқтығысып, 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арасында кәмелетке толмаған 4 жасөспірім бар. Жарақат алған 7 адам ауруханаға жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша, 2 қабатты автобуста өрт шығып, жолаушылар терезелерін шағып, сыртқа шыққан. Полиция бұл оқиға бойынша тергеу жұмыстарын бастап кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына автобус жүргізушісі кінәлі.