Түркияда оппозиция президенттік сайлауға қатысатын өз үміткерінің есімін жариялады
Ол – Халық-республикалық партиясының төрағасы, 74 жастағы Кемал Қылычдароглу, деп хабарлайды «Хабар 24».
Айта кетейік, бұл партияның негізін Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік қалаған. Жеңіске жеткен жағдайда оппозиция мемлекет басшысының кейбір құзіретін шектеп, парламенттік жүйені күшейтпек.
Еске сала кетейік, Түркияда президенттік және парламенттік сайлау 14 мамырда өтуі тиіс.