Мьянмада үкімет әскері бірнеше ауылға шабуыл жасады
Мьянмада үкімет әскері бірнеше ауылға шабуыл жасап, 17 тұрғынды атып өлтірді. Бұл туралы Халықтық қорғаныс күштері хабарлады.
Оқиға осы елдің орталығындағы Сагайн аймағында болған. Үкімет жасақтары мекендерге оншақты тікұшақпен келіп, үйлерді өртеп, қолға түскен бейбіт тұрғындарды атып кеткен.
Айта кетейік, Мьянмада 2021 жылы ақпан айында төңкеріс болып, әскерилер билікті басып алды. Елде әскерилерге қарсы жасақтар құрылып, үкімет күштерімен қарулы қақтығыстар жалғасып келеді.