АҚШ-та полицияның оқу орталығына шабуыл жасалды
АҚШ-тың Атланта қаласында ондаған адам полицияның салынып жатқан оқу орталығына қарулы шабуыл жасап, қақтығыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
35 адам қамауға алынды. Тәртіпсіздіктер музыкалық фестивальден кейін басталды. Оған соңғы уақытта полицияның қару қолдануынан кейін адамдардың жиі қаза табуы себеп. Бұл қоғамда наразылықты күшейткен. Тұрғындар жаңа оқу орталығы полицейлердің зорлық-зомбылығын одан бетер арттырады деп алаңдайды.