Германияда хакерлік топ ұсталды
Германия полициясы ірі халықаралық хакерлік топтың мүшелерін ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қылмыстық ұйым алпауыт компанияларды бопсалаумен айналысқан. 2010 жылдан бері әлемдегі түрлі мекемелерге 600-ден аса хакерлік шабуыл жасап, зор шығын келтірген. Олардың арасында Германия мен Ұлыбританияның денсаулық сақтау салалары, басқару жүйелері бар. Іске қатысты 3 адам тұтқындалып, тағы 8 күдікті тергеліп жатыр. Олардың үшеуіне халықаралық іздеу жарияланды.