Тбилисиде наразылық шара жаппай тәртіпсіздікке ұласты

Тбилисиде наразылық шара жаппай тәртіпсіздікке ұласты.

Парламент алдында жиналған халық ғимарат ішіне кіруге әрекет жасағаннан кейін, тәртіп сақшылары газ бен су шашты. Жауап ретінде шерушілер тас пен, бензин құйылған шөлмектерді лақтырды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, ондаған адам қамауға алынған.

Естеріңізде болса, билік басындағы партия "елдегі кез-келген ұйымды, шетелден қаржыландыру 20 пайыздан асса, шетелдік агент" деп тануды ұсынған еді. Оппозиция өкілдері "бұл демократияны шектейді", - деп бастаманы сынға алды. Сарапашылар құжат 2012-ші жылы Ресейде қабылданған заңға ұқсайды деп отыр. Ал кеше парламент бұл заңды бірінші оқылымында қабылдағаннан кейін, мыңдаған адам алаңға шықты. АҚШ-та сапармен жүрген Грузия президенті Саломе Зурабишвили шерушілерді қолдайтынын мәлімдеп, бұл заң жобасына вето салатынын жариялады.