Даккада жарылыстан оннан аса адам қаза тапты
Бангладеш астанасында 7 қабаттық коммерциялық ғимаратта жарылыс болып, 17 адам қаза тапты.
Тағы 50-ден астам кісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Апат орынында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Полиция үйінділер астында тағы адамдар болуы мүмкін дейді. Жарылыстың неден болғаны белгісіз. Апатқа дейін ғимаратта көптеген дүкендер орналсқан еді.
Мұхаммед Зафор, тұрғын:
- Біз ғимаратқа жақын жердегі базарда болғанбыз. Бір кезде қатты жарылыс естілді. Оның қатты болғаны соншалық аяғымыздың астындағы жер дірілдеп кетті.