Ресейдегі гүлдердің бағасы орташа есеппен 20% өсті

Мереке қарсаңында ресейдегі гүлдердің бағасы орташа есеппен 20% өсті.

Экономикалық санкцияларға байланысты гүлдерді тасымалдауға кететін шығын артқан.

Ресейдің гүл нарығы  бұрын да Нидерландыға толығымен тәуелді болған. Биыл гүл бағасына Еуропадағы энергия құнының өсуі де, санкциялық шығындар да әсер етті.

Бұрын ресей компаниялары гүлдерді тікелей  Нидерландыдан тасымалдайтын. Қазір жеткізу жолы әлдеқайда күрделеніп кеткен. Ең алдымен еуропалық компаниялар алдымен өнімді Беларусь шекарасына дейін жеткізеді, сол жерде гүлдерді ресейлік көліктерге тиеп, одан кейін ғана Мәскеуге апарады. Бұл логистика едәуір қымбаттады деген сөз.

Бұл күндері Мәскеу базарларында қызғалдақтың бір данасын 600 теңгеге, раушан гүлін 1200 теңгеге сатып алуға болады.

БЛИЦ:

- Алдыңғы жылмен салыстырғанда 20 пайызға қымбаттады.

- Меніңше отзыв пайызға қымбат сияқты.

- Қиын, өте қиын жағдай.

- Білмеймін, әйтеуір әйеліме кактус алып жатырмын.

Гүл сататын компаниялар әрі қарай  импорттық өнімдерді жеткізу одан да қиын болады деп алаңдайды. Ресейлік өндірушілер болса, олардың гүлдері көлемі 600 миллион доллар жергілікті нарықтың 17 пайызын ғана құрайды . Және де олар шетелдік отырғызу материалдарына толығымен дерлік тәуелді.

Авторлары: Дана Нұржан, Шахзод Гамиров