Мысырда пойыз апатынан 2 адам опат болды

Мысырда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, теміржол станциясын соққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның салдарынан 2 адам көз жұмып, 23-і жарақат алды. Қазір оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Мамандар зардап шеккен жолаушыларды вагон ішінен алып шығып, жақын маңдағы ауруханаларға жеткізді. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. Алдын ала нұсқа бойынша машинист жылдамдықты асырып жібергенге ұқсайды. Оқиғаға байланысты Мысыр прокуратурасы тергеу бастады.