Бразилияда 4 ел үшін виза тәртібі енгізіледі
Бразилия АҚШ, Жапония, Австралия және Канада азаматтарына виза тәртібін қайта енгізеді.
Бұл жаңалықты екі дереккөзіне сілтеме жасаған Рейтер ақпарат агенттігі хабарлады. Айтуларынша, сыртқы істер министрлігі осы 4 мемлекеттің билігіне бұл шешімін бүгін жариялаған. 2019 жылы Бразилияның бұрынғы президенті бұл елдер үшін визасыз келуге рұқсат еткен болатын. Осылай көбірек турист тартпақ болған. Алайда олар қарымта ретінде Бразилия азаматтары үшін визасыз тәртіп енгізген жоқ.