loader

Аргентинада аптап ыстық шыдатпай тұр

Аргентинада аптап ыстық шыдатпай тұр

Аргентина астанасы Буэнос-Айресте аптап ыстық жан шыдатпай тұр.

Мамандар температура наурыз айы үшін рекордты деңгейде көтерілгенін айтады. Қазір сынап бағанасы 38,8 градусты көрсетіп тұр. Мұндай температура соңғы рет 1952 жылы тіркелген. Әсіресе басқа елдерден демалу үшін келген туристер қиын. Олар көлеңке іздеп, салқын суды көп ішіп, әрең жан сақтап жүр. Көбі амалсыздан далаға шығуды қойған. Аргентинада былтырдан бері жауын-шашын жаумай, елдің көп бөлігін құрғақшылық жайлады. Соя, жүгері мен бидай алқабы құрап, өнім азайды.

Дженнифер Ортис, турист:

- Буэнос-Айреске 3 күн бұрын келгенмін. Ми қайнатқан ыстыққа тап болдым. Өзім ауа райы ыстық Кариб аралындағы Пуэрто-Рикодан келсем де мына жағдайға бейімделе алмай қойдым. Әбден шаршадым.

Сондай-ақ...