Калифорнияда тасқын судан 2 адам опат болды

Калифорнияда нөсер соңы тасқынға ұласып, 2 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Монтерей қаласында дамба жарылып, мыңдаған адам шұғыл түрде эвакуацияланды. 25 мың тұрғын жарықсыз қалды. Елде төтенше жағдай енгізілді. Синоптиктердің осы аптаға жасап отырған болжамы да көңіл көншітпейді. Олар Калифорниямен қоса көрші Невада штатын су басу қаупі төніп тұрғанын ескертеді.