ЕЭО елдерінде еңбек мигранттарының саны артты
Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінде еңбек мигранттарының саны 1 млн 647 мыңнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Одақ елдерінің ішінде олардың еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік жасалған.
Еңбек мигрантарының 95%-і Ресейде еңбек етеді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері мәлімдеді. Олардың дерегінше, Ресейден Қазақстанға жұмыс істеу үшін келетіндер саны да 2 есеге артқан. 2021 жылы көрші елден 31 600 адам келсе, 2022 жылы олардың саны 63 мыңға жеткен. Айта кетерлігі, комиссия мүшелері миграция процесінің өзгеріп тұруы қалыпты жағдай дейді.