Франция сенаты даулы зейнеткерлік реформаны мақұлдады
Енді осы аптада құжатты парламенттің қос палатасының ортақ комитеті бектіуі тиіс.
Айта кеткен жөн, Францияда қазір тұрғындар 62 жасында зейнетке шығады. Бұл Еуроодақ бойынша ең төменгі көрсеткіштердің бірі саналады. Билік оны біртіндеп 64 жасқа дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Бірақ тұрғындардың көбі реформаға қарсы. Олар қаңтардан бері жаппай ереуілдер өткізіп келеді. Солардың біріне миллионнан аса адам қатысып, бұл 2010 жылдан бергі ең ірі наразылық акциясы болды.