Британия қорғанысқа бөлетін қаржыны ұлғайтады
Ұлыбритания алдағы 2 жылда қорғанысқа қосымша 6 миллиард доллар бөледі.
Бұл туралы осы елдің Премьер-министрі Риши Сунак мәлімдеді. Шешім әлемде тұрақсыздықтың артуына байланысты қабылданған. Ұлыбритания 2020 жылы қорғаныс бюджетін 30 миллиард долларға көбейткен болатын.