АҚШ-та екінші ірі банк жабылды
Америкада екінші ірі банк жабылды.
Бұл әлемдік қор нарығында үлкен дүрбелең туғызды. Өйткені Еуропада ірі компаниялардың акциялары құлдырап, Азияда керісінше өсім байқалып отыр.
Дегенмен, мамандар жаһандық қаржы дағдарысынан шығудың амалын іздеп әлек. Ақ үй басшысы банкротқа ұшыраған банктің салымшылары ақшаларынан айырылмайды деп уәде етті.
АҚШ-та екінші ірі банк жабылды. Нью-Йорктегі Signature Bank дағдарысты алдын алу үшін және жүйелік тәуекелдерге байланысты өз жұмысын тоқтатты. Мұндай қадам салымшылардың қаражатын сақтап қалу мақсатында жасалған. Бұл туралы елдің қаржы министрі Джанет Йеллен, Федереалды резервтік жүйенің басшысы Джером Пауэлл және депозиттерді сақтандыру Федералды корпорациясының төрағасы Мартин Грюнберг бірлескен мәлімдеме жасады. Банк активтерінің жалпы сомасы шамамен 110 млдр доллардан асады. Салымшылардың депозиттері былтыр 89 млдр долларға жуықтаған еді. Бұл банк криптовалюта иелері арасында танымал болған. Дегенмен, жауапты органдардың мәлімдемесіне сәйкес, Силикон Валей банкі секілді бұл банк салымшылары үшін де шоттағы қаражат қолжетімді болмақ.
Илон Маск жабылған банкті сатып алмақ
Илон Маск банкротқа ұшыраған Silicon Valley Bank-ін сатып алмақ. Америкалық кәсіпкер мен кез-келген ұсынысқа, идеяға ашықпын дейді. Твиттер парақшасында бизнесмен банкті сатып алып, оны электоронды форматтағы банкке айналдыру мүмкіндігін жоққа шығармайтынын мәлімдеді. Айта кетейік, таяуда АҚШ-тағы ең ірі қаржы ұйымы Силикон Валей банкі жабылған еді. Бұл қор нарығын құлдыратып, инвесторлар арасында үлкен дүрбелең туғызды. Екі жүз миллиард доллар активі бар Силикон Валей, экономикасы қуатты Америкадағы он алтыншы үлкен банк болып саналатын.
Еуропа нарығына әсер етті
АҚШ-тағы банктердің жабылуы, Еуропаның қор нарығына әсер етті. Сонымен қатар бұған таяуда Силикон Валей банкі шығындарды жабу үшін 2 млдр-тан астам акцияларын Еуро Одақ елдеріне шығарады деген ақпарат түрткі болды. Сарапшылар енді Еуропада қаржы дағдарысы орнап, банктердің пайыздық мөлшерлемелері өсіп, инвесторлар шығынға батады деп дабыл қағуда. Бұл ірі банктермен қатар, шағын қаржы мекемелеріне де кесірін тигізуі мүмкін. Мәселен, өткен апатада Еуропадағы ірі банктердің бірі Stoxx Europe-тің индексінің құны 3 пайызға кеміген. Ал Британдық индикатор FTSE-нің акциялары күніне 2 пайызға арзандады. Азия-Тынық мұхиты елдерінің қор индекстері де құбылып тұр. Кей банктерде аздап өсім байқалса, ал ірі компаниялардың акциялары құлдырай түсті. Қытайдың Shanghai Composite қор индексі 0,7% - ға өсті. Гонконгтың Hang Seng индикаторы 1,8% - ға көтерілді. Ең белсенді өсім Kawasaki kisen-де байқалады, мұнда акция құны 2,6%-ға қымбаттады. Индексі төмендеген мекемелер тізімінде көш бастап тұрған компания Mitsubishi Motors, оның акциясы 7 пайызға арзандаған.
Ірі банктер назарда болады
Қалай десек те, әлем елдері жаһандық қаржы дағдарысына төтеп беру амалдарын қарастыруда. Британдық НSBC Силикон валей банкінің Ұлыбританиядағы бөлімін 1 фунтқа сатып алмақ. Ұлыбританияның қаржы министрі Джереми Хант ел премьер-министрі Риши Сунакпен Ұлыбританиядағы банк бөлімінің шығындарын барынша азайту мәселесін талқылағанын айтты. Жергілікті телеарнаға берген сұхбатында министр “біз қазір британдық филиалдың салымшыларының ақшасын қорғау және қаражаттарын басқа банктерге аудару жоспарын шұғыл жүргіземіз”, деді. Тіпті, кейбіріне 85 мың фунтқа дейін өтемақы төленуі мүмкін. Осы ретте айта кететін жайт, АҚШ президенті Джо Байден салық төлеушілердің ақшаларына банктер жабылса да нұқсан келмейді деп уәде берді. Мемлекет басшысы бүгін жауапты органдармен бұл жағдайды жіті талқылайтынын жеткізді. Байденнің твитердегі мәлімдемесінде, қазір олар тығырықтан шығу амалдарын іздеп жатқанын, сондай-ақ салымшылардың қаражатын сақталатыны айтылды. Ақ үй басшысы Америка халқы бізге сену керек, бұл дағарысқа қатысы барлар жауапқа тартылатынын айтты. Ал ірі банктерді қадағалау күшейе түспек.