Колумбияның әскери-теңіз күштері 2,6 тонна кокаин тәркіледі

Колумбияның әскери-теңіз күштері жалпы көлемі 2 жарым тоннадан асатын кокаин тәркіледі.

Ол жартылай су астында жүретін, ұзындығы 15 метрлік кемеге жасырылған екен. Тексеріс барысында 2 адамның мәйіті табылды. Тағы ауыр халде 2 кісі анықталған. Қазір адамдар мен барлық айғақ заттар елдің оңтүстік-батысындағы Тумако теңіз айлағына жеткізілді.

Кристиан Гузман, Есірткіге қарсы күрес күштерінің қолбасшысы:

- Есірткі Орталық Америкадағы елдерге бағытталған. Бірақ Жағалау күзеті олардың жолын кесті. Қайықтан улы газ жұтып, денсаулығы нашарлаған 2 адам табылды. Оларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді.