ЮНЕСКО Париждегі штаб-пәтерінде Наурыз мерекесін бастап кетті
ЮНЕСКО Париждегі штаб-пәтерінде Наурыз мерекесін бастап кетті.
Ежелден келе жатқан халықаралық мейрамға деген қызығушылық жоғары. Қонақтарды әлемнің 10 елінің өкілдері қарсы алды. Олардың ішінде Қазақстан да бар. Бұл жолы жұртқа ұлттық тағам ұсынылып, әр елдің дәстүрлі киімдері көрсетілді. Ұлттық ән-күй шырқалды. Қонақтар біздің елдің делегациясы дайындаған наурыз көжеден дәм татты. БҰҰ дерегіне сүйенсек наурызды әлемде 300 миллион адам атап өтеді екен. 2010-шы жылдан бастап Наурыз халықаралық мейрам деп бекітілген.
Фирмин Эдуард Матоко, ЮНЕСКО бас директорының орынбасары:
- Наурызды атап өтетін елдерді осы бір керемет мерекемен құтықтаймын. Ежелден келе жатқан дәстүр қазір адамзат мұрасына айналған. Бұл мейрам бірлік, төзімділік және өзара құрметті дәріптеуімен құнды. Сондықтан оны ЮНЕСКО қабырғасында атап өтіп жатырмыз.
Ахмад Пакетчи, Иранның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі:
- Менің білуімше қазақ ұлтының мәдениетінде Наурыз достық және жаңару символы ретінде қарастырылады. Осы мейрам кезінде барлық кикілжіңді ұмытып бірлік пен ағайындықты нығайту дәстүрі біздің халықымызға да тән қасиет. Оны елдер арасындағы достық пен ынтымақтастықты арттыру үшін қолдануға болар еді деп ойлаймын. Демек әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа зор үлесін қосарына сенімдімін.
Вишал Шарма, Үндістанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі:
- Бүгін ЮНЕСКО штаб-пәтерінде 10 ел бірігіп наурыз мейрамын атап өтіп жатыр. Бұл адамзат баласы бірлігнің бір көрінісі болса керек. Мен Қазақстан халқын осы бір тамаша мерекемен құттықтаймын.