Түркияда су тасқынынан 10 адам көз жұмды
Жақында ғана зілзаладан зардап шеккен Түркияда табиғат тағы да тосын мінез танытты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Елдің оңтүстік-шығысында су тасқыны жүріп, 10 адам опат болды. Бірнеше тұрғын жоғалып кеткен. Осыған байланысты іздестіру-құтқару жұмыстары қолға алынған. Қала көшелері қазір көлге айналған. Үйлерді су басып жатыр. Синоптиктердің сөзінше, аймақта бір тәулік ішінде 100 миллиметрден астам жауын түскен.