Колумбияда көмір кенішінде жарылыс болды

Колумбияның орталығындағы көмір кен орнында жарылыс болып, 11 жұмысшы ажал құшты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 10 кенші жер астында қалып қойған. Оқиға орнында құтқару шаралары жүріп жатыр. 2 адам құтқарылып, 7-уі жер бетіне өз бетімен шыққан. Мамандар жиналып қалған газдың жоғары қысыммен жарылғанын айтады.

Жалпы, Колумбияда көмір және алтын кен орындарында жарылыс жиі болады. Бұған істі заңсыз жүргізу мен қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп.

Анджела Пинеда, ана:

- Ұлым тірі ме, өлі ме білмеймін. Бір жамандықты сезгендей, жүрегім атқақтап тұр. Мынадай жойқын жарылыстан аман қалудың өзі күмәнді. Жарығым аман болса екен.

Хавиер Пава, апат қаупі жөніндегі маман:

- Жер астында қамалып қалған 10 адамды іздеу-құтқару жұмысы жүріп жатыр. Олардан әлі ешқандай белгі жоқ. Аман алып шығуға барымызды саламыз.