АҚШ TikTok басшылығына талап қойған
АҚШ билігі TikTok басшылығынан компанияның бір бөлігін сатуды сұраған. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады.
Ақпарат құралы бірлестік келісімін бермесе, Қытайдың әлеуметтік желісі толықтай бұғатталуы мүмкін деп отыр. Бірақ Ақ үй бұл мәселеге қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Келесі аптада осы желінің қожайыны «ByteDance» компаниясының өкілдері конгресте баяндама жасауы тиіс.
Айта кеткен жөн, АҚШ-та TikTok қолданушылар қарасы 100млн-нан асады. Вашингтон болса америкалық тұтынушылардың жеке мәліметтері Қытайға кетіп жатыр деп алаңдайды.