Чилиде дәрігерлер жаппай шеруге шықты
Чилиде медицина қызметкерлері жаппай шеруге шықты.
Олар жұмыс орнында қолайлы жағдай жасауды талап етуде. Ереуілшілер Сантьягодағы орталық көшелерден өтіп, Денсаулық сақтау министрлігінің ғимаратына барды. Алайдf оларды ішке ешкім кіргізбей қойды. Амалы құрыған белсенділер кіреберіске өзін шынжырмен байлап, қарсылығын білдірді. Дәрігерлердің тағы бір талабы - зейнетақы туралы заңды қайта қарату. Өйткені зейнетақы көлемі мүлде мардымсыз.
Габриэла Флорес, медициналық мекеменің қызметкері:
- Біз шеру кезінде жұмысқа кезектесіп шығып жүрміз. Науқастарды қараусыз тастаған жоқпыз, өз міндетімізді де атқарып жатырмыз. Бірақ билік бізідң алдымыздағы борышын орындамай отыр. Министрлік түк жұмыс істемейді, министр орнында отырмайды. Сондықтан президентке тікелей шығуға мәжбүрміз.