Алдағы 10 жылда жолаушылар Айға сапарлауы мүмкін
Илон Маск әуе кемесін сынап көрмек. Үндістан болса алғаш рет экипажбен ғарышқа зымыран ұшыруды жоспарлап отыр. Ал Қытайлықтар ерекше спутник арқылы ауа райы мен экологиялық апаттарды болжайтын мүмкіндікке ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Илон Маск ғарышқа ерекше ғарыш кемесін ұшырмақ. Starship зымыраны Марс пен Айға сапарламақ. SpaceX компаниясы қондырғыны сәуірде ұшыруды жоспарлап отыр. Негізі ғарыш кемесінің көкке самғауы ертерек ұшуы тиіс еді. Мәлімдемеге сәйкес АҚШ-тың Федералды авиациясы әкімшілігіне қатысты құжат кешігіп, бұл жұмыс сәуірдің аяғына қалды. Америкалық кәсіпкер Starship кемесін әуелде ғарышқа ұшырып, кейін Марсқа және Айға адам тасу үшін пайдалануды көздеп отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Маск қызыл планетаға кеме жіберуді алдағы 10 жылда, яғни 2028 және 2033 жылдары жүзеге асыратынын мәлім еткен болатын.
Үндістан мемлекеті алғаш рет ғарышқа экипаж жібереді. Үнді астронавтары 2024 жылдың аяғында Gaganyaan кеммесімен көкке самғамақ. Мұндай ақпаратты елдің Атом энергетикасы және ғарыш бағдарламаларына жауапты министр Джитендра Сингх хабарлады. Үндістанның ғарыштық зерттеулер ұйымының деректері бойынша, Gaganyaan экипаж кабинасында 3 ғарышкердің орны болады, олар өздерінің алғашқы миссиясы аясында орбитада шамамен 7 күн жүреді.
Қытайдың да ғарышқа қатысты жаңалығы бар. Таяуда Қытай орбитаға қашықтан басқару жүйесі орнатылған спутник ұшырды. «Чанчжэн-3B» зымыран тасығышы аэроғарыштағы ғылыми-технолгия жетістігі болмақ. Ғарыш кемесі Сичан айлағынан көкке самғады. Ғалымдар осы спутник арқылы ауа райын бақылап, табиғат апаттарын алдын ала болжауға мүмкіндік алды.