Малавиде лай көшкіні ауылды шайып жіберді
Малавидің оңтүстігінде лай көшкіні тұтастай бір елді мекенді шайып кетті. Табиғи апаттың салдарынан 32 адам қаза тауып, тағы 18-і із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Аман қалғандар жергілікті мектепке орналастырылды. Ал апта басында Африканың оңтүстігіне Фредди тропикалық циклоны соққан еді. Дауыл салдарынан су тасып, Малавиде 300-ден аса адам қаза тапқа еді.