Испанияда бала туудың орнына ит-мысық асырап алу көбейген

Испанияда алғаш рет жануараларды мемлекеттік деңгейде қорғау туралы заң әзірленді.

Елде бала туу көрсеткіші төмендеп, үй жануарларын асырап алатындар артқан. Бірақ соларға қатыгездік жасайтындар да көбейген. Енді жаңа талап бойынша ит-мысық бағамын дегендер онлайн дәріс тыңдау керек. Арнайы курстан да да өтеді. Үй жанураларын бір тәуліктен көп уақытқа қараусыз қалдыруға тыйым салынады. Сондай-ақ олардың барлығына чип тағылады. Бұл мақсатқа бюджеттен 2 миллион еуро бөлінеді. Бұдан бөлек қатыгездік танытқандар 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.