Елдегі сайлау шетелдік БАҚ өкілдерінің назарында
Корея БАҚ өкілдері Қазақстанда мәжіліс депутаттығына үміткерлер арасындағы бәсекелестіктің жоғарылағанын атап өтті.
Сеулдегі Қазақстан елшілігінде алдағы сайлауға арналған баспасөз мәслихаты өтті. Дипломаттар журналистерге заңнамадағы өзгерістер туралы айтып, олардың сұрақтарына жауап берді. Конференцияға қатысушылар әйелдер мен жастарға және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін сайлауға қатысу үшін 30 пайыздық квотаның енгізілуіне оң баға берді. Корей басылымдары Қазақстандағы демократиялық өзгерістерді жіті бақылайды. Ағымдағы сайлау да кореялық БАҚ-тың назарынан тыс қалған жоқ.
Чо Кен Хи, Korea post басылымының тілшісі:
- Алдағы Мәжіліс сайлауына партиялар мен кандидаттар саны көбейіпті. Бұл бәсекелестіктің күшеюін және сайлауға қызығушылықтың артқанын білдіреді. Қазақстанның саяси аренада ықпалы зор. Ал бұл сайлау оның беделін одан әрі арттырарына сенімдімін.