Австралияда балық қырылды

Миллиондаған өлі балық жағаға шығып қалды.

Бұл Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында болған жағдай. Тақауда өңірде су тасып, күн ысыған. "Балықтың қырылуы осыған байланысты болуы мүмкін" дейді сарапшылар. Өйткені күн райының қолайсыздығынан суда оттегі деңгейі күрт төмендеген. Мән-жайды анықтау үшін жедел штаб құрылды.