Әлемдегі 300 млн адам Наурыз мерекесін тойлайды

Бүгін әлемдегі 300 миллион адам баласы жыл басы Наурыз мейрамын атап өтіп жатыр.

Ол жаңа күннің, жаңа жылдын бастауы. Бұл мереке адамзатқа ортақ құндылықтар – бейбітшілік, теңдік, құқық сияқты жоғары принцтерді насихаттайды.

Наурыз мерекесі БҰҰ штаб-пәтерінде аталып өтті. Бас Хатшы Антонио Гуттериш құттықтау сөз сөйлеп, жаһан жұрты бұрын-соңды болмаған сынның алдында тұр, деді. Оның сөзінше әлем түрлі қақтығыстар, климаттың өзгеруі, жаһандық өмір сүру құнының артуы сияқты өзекті мәселелерімен бетпе-бет келіп отыр. Сондай-ақ, салтанатты шарада БҰҰ-дағы Қазақстанның тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин да баяндама жасап, құттықтау сөз сөйледі. Жалпы Наурыз мерекесі 2009 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген болатын. Ал 2010 жылы БҰҰ Бас Ассамблеяның мүшелері Наурыз мейрамын халықаралық күн ретінде жариялады.

Ақан Рахметуллин, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі:

- 1926 жылдан бастап, 60 жылдан астам уақыт бұл мерекені тойлауға Қазақстанда тыйым салынды. Тек 1988 жылы ғана Наурыз қайта жанданып, рухани және қасиетті мәніне ие болды. Бүгін біз Наурыз мерекесін тойлай отырып, оның маңыздылығын бұрынғыдан да көбірек еске түсіреміз. Бұл жаңарудың, бірлік пен келісімнің маңыздылығын еске салады.