Балиде арнайы қайық қоқыс терумен айналысады

Индонезияның Бали аралында арнайы қайық қоқыс жинап жүр.

Су көлігі қатты және ұсақ қалдықтарды жинай алады. Тіпті суға мұнай төгілген жағдайда көп көмегі тиеді. Бұл Индонезия үшін өзекті мәселенің бірі. Өйткені ол суды пластикпен ластайтын мемлекеттердің тізімінде Қытайдан кейін екінші орында тұр. Сол қалдықтардың тек 9 пайызы ғана қайта өңдеуге жарамды. Елде туристер арасындағы ең танымал орын - Бали аралында да демалушылар жағалаудың ластануына қатысты жиі шағымданып жатады. 

Иван Бурьон, жоба авторы:

- Мен 2014 жылы Бали аралындағы қоқысты көріп жағамды ұстадым. Міндетті түрде осында оралып, мәселені шешуге өз үлесімді қосамын деп шештім. Бұл қайықтың көмегімен жыл сайын мың тоннаға дейін пластик жинауға болады. Әзірге бізде бір ғана су көлігі бар. Бірақ оның санын арттыру жоспарда бар.