АҚШ-та бес жүз мың оқушы сабаққа бармай қалды
Лос-Анджелесте жарты миллионға жуық оқушы сабаққа барған жоқ.
Себебі мұғалімдер 3 күндік ереуілге шыққан. Наразылық акциясына қатысушылар биліктен жалақыны өсіріп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етті. Штат басшылығы мәселені кәсіподақтармен талқылауға дайынбыз деп хабарлады.
Финдли Бантинг, мұғалім:
- Мектептерді қаржыландыру көлемі көп жылдан бері ұлғайтылмай келеді. Ал білім орындарында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын көтеру туралы келіссөздің басталғанына 1 жылдай уақыт өтті. Бірақ әлі ешқандай өзгеріс жоқ. Сондықтан ереуіл жариялап, биліктен мәселені шешуді талап етуді жөн көрдік.