Бейжіңде құмды дауыл соқты
Қытай астанасында құмды дауыл соғып, тұрғындарды әбігерге салды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Табиғаттың тосын мінез танытуынан Бейжіңді шаң-тозаң басып, көру мүмкіндігі шектелді. Адамдардың тыныс алуы қиындады. Бейжің қоршаған ортаны бақылау орталығының мәліметіне қарағанда, құмды дауылдан ауаның ластануы қалыпты жағдайдан 6 есе артып кеткен.
21 млн тұрғыны бар шаһарда құмды дауылдың соғуы наурыз-сәуір айында жиілейді. Бұған шаһардың Гоби шөліне жақын орналасуы мен солтүстіктегі ормандарды отау себеп, - дейді мамандар.