Ұлыбританияда азық-түлік күрт қымбаттады
Ұлыбританияда тамақ пен алкогольсіз сусындар қымбаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мұндай баға елде 45 жыл болмаған дейді. Әсіресе көкөніс әрі қат, әрі қымбат. Өйткені күннің қолайсыздығынан былтыр өнім аз жиналған. Энергия көздері де шарықтады. Корольдіктегі инфляция былтыр қазанда 40 жылда болмаған деңгейге дейін артқан. Сосын 3 ай қатарынан төмендеген еді. Бірақ ақпанның статистикасы қайтадан қымбатшылық жайлап бара жатқанын көрсетіп отыр.