Түркияда жер сілкінді
Кахраманмарашта тағы жер сілкінді.
Бұл жолғы зілзаланың қуаты 4,3 балл. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Анадолу ақпарат агенттігінің хабарлауынша жағдай таңертең, жергілікті уақытпен сағат 9-ға 15 минут қалғанда болған. 6 ақпанда Түркияның осы аумағында күші 7 балдан асқан екі жер сілкінісі болған еді. Содан бері афтершок тіркелген. Қазір Орталық Азия аумағында да қайта-қайта жер сілкініп жатыр. Түнде Тараз бен Шымкент қалалары және Түркістан облысында 2-3 балдық жерасты дүмпулері сезілді. Зілзала ошағы Тәжікстан аумағында болған. Оның салдары Ташкентте де сезілді. Жергілікті сейсмостанция өкілдері 5 балдық жерасты дүмпуінің болғанын хабарлады. Дегенмен, үйлер мен ғимараттарға зақым келмеген. Араға 1 сағат салып жұрт үйлеріне кірді. Таңға таяу тағы бір дүмпу болған. Бірақ оны көпшілік сезіне қоймады. Тек арнайы аппараттар тіркеді.