Түркияда құрылыс жұмыстары басталды
Түркияда осы уақытта зілзаладан зиян шеккен 11 провинцияда жаппай құрылыс жұмыстары басталды.
Алдағы бір жыл ішінде мұнда 46 мыңнан аса үй тұрғызылу керек. Құрылыстың алғашқы кезеңінде 18 мың баспана салынады. Соның 7 мыңы қайта-қайта жер сілкініп, қатты зиян шеккен Қахраманмарашта бой көтереді. Ақпанның басындағы жойқын зілзаладан соң Түркиядағы ғимараттардың сапасына сын көп. Тіпті Түрік билігі осыған байланысты 300-ден аса адамды қамап тастады. Солардың жүздейі мердігер.