«Тұран» тобының әлемдік турнесі басталды

Қазақстандық «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің әлемдік турнесі басталды.

Вашингтонда концерт берген «Тұран» АҚШ-тағы қазақтарды рухтандырып, америкалық көрерменді тамсандырды. Ұттық өнерді  ұлықтап жүрген топтың құрылғанына биыл он бес жыл толды.

Өрлеу мен құлдырау, азаттық үшін күрес, ерлік пен елдік. Бұл сақтар мен ғұндар заманынан тартып алаш тарихын сазды аспаптар арқылы сөйлеткен өзгеше кеш болды. Көрермен бірде рухтанып, шабыттанса, бірде зұлмат жылдарға тап болып, көзіне еркісіз жас алды. 

Анна Констенко, көрермен:

- Мен таңдана тыңдадым. Тарих анимациялар арқылы сөйлеп жатты. Сөзді түсінбесем де әуен арқылы әрбір сәтті сіңірдім. Мен украина қызымын. Сондықтан қазақ халқының басынан өткен зұлматтарды, оның ішінде ашаршылыққа қатысты оқиғалар көзіме еріксіз жас келтірді.

Ал Қара жорғаның майда жүрісін елестететін әуен ырғағы шет елдіктерді тамсандырды. Тіпті көрермен ықыласы айрықша болғаны сондай, бірнеше рет орындарын тұрып ұзақ қол соқты. 

Тұран ұлттық және түркі тілдес жұрттың отызға жуық аспабын жетік меңгерген. Нағыз бесаспаб деп топ мүшелеріне айтуға болады. Әсіресе көмеймен ән айту Вашингтон көрермендеріне ерекше әсер сыйлады. 

БЛИЦ:

- Мұндай музыкалық аспаптарды алғаш рет көрдім. Маған өте ұнады. Әйелім осы жерге әкелгеніне өте қуаныштымын. Бір жігіттің көмейімен ән айтқаны таң қалдырды. Бұл топ Вашингтонға қайтадан келеді деп үміттенемін.

- Қазақ бойындағы қасиетті өзімізбен өзіміз рахат сезіммен шықтық.

- Ең ұнағаны тарихи оқиғаларды дәлме дәл айтты. Жүректі қозғап, қанымызды қайнатып үлкен әсер берді.

Тұранның концерті жырақтағы қазақтар үшін Наурыз мерекесіне ерекше тарту болды. Шет елдіктер болса өнерпаздармен таласа суретке түсті. Талғамы биік жұртшылықтың шынайы бағасы деп білдік. Бұған дейін 70-тен астам мемлекетте болған топтың ендігі турнесі Европада жалғасады.