Эквадорда қалаларды су басты
Бірнеше күн бұрын қатты зілзаладан жапа шеккен Эквадорда да су тасқыны болды.
Толассыз жауыннан елдің Тынық мұхиты жағалауына жақын аймақтарын қызыл су басып жатыр. Табиғат апатынан, әсіресе, Санта-Роса мен Гуаякиль қалалары қатты зардап шекті. Қос шаһардағы көп аудан су астында қалған. ал, синоптиктер болса алдағы күндері өңірлерде тағы нөсер жауын жауатынын ескертуде.
Кевин Унузго, полицей:
- Толассыз жауыннан қаланың біраз ауданын су басып жатыр. Оған шаһар шетіндегі өзеннің арнасынан асуы себеп. Қазір апат аудандарында құтқару шаралары жүріп жатыр.