Миссисипи штатында торнадо салдарынан ондаған адам қаза тапты

АҚШ-тың Миссисипи штатында алапат құйын соғып, 23 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы ондаған тұрғын жарақат алды. Табиғат апатынан әсіресе Силвер сити мен Роллинг-форк қалалары қатты зардап шекті. Аумағы 1 шақырымдай болатын торнадо сағатына 80 шақырым жылдамдықпен соғып, жолындағы үйлер мен ғимараттарды тас талқан етті. Кей мекендерде электр желісі істен шыққан. Қазір аймақта табиғат апатының салдарымен күрес жүріп жатыр.