Пенсильванияда шоколад жасайтын зауыттағы жарылыстан 7 адам көз жұмды

Пенсильванияда шоколад жасайтын зауыттағы жарылыстан 7 адам көз жұмды

Пенсильвания штатында шоколад жасайтын зауыттағы жарылыстан қаза тапқандар саны 7 адамға жетті.

Із-түссіз жоғалып кетті деген 3 тұрғынның мүрдесі табылды. Әзірге олардың аты-жөні жарияланбайды деді полиция. Бұдан басқа, тағы бірнеше кісі жарақат алды. Жарылыс Уест-Редиң қаласында 24 наурызда болды. Зауыт ғимаратының жартысы жанып кеткен. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Апат себебі әзірге белгісіз.

Уейн Холбен, полиция басшысы:

- Құтқарушылар тобы жарылыс болғалы күн-түн демей дамылсыз жұмыс істеп жатыр. Үйінді астынан төртінші адамның жансыз денесі табылды. Біз бұл операцияны аяғына дейін жеткіземіз, орта жолдан тастамаймыз. Сіздерден дұға қылуды сұраймыз.