А. Кристидің романдарына түзету енгізілді
Әлемдегі ең танымал жазушылардың бірі - Агата Кристидің классикалық шығармаларына түзету енгізілді.
Романдарды редакциялау жұмысын Ұлыбританияның "Харпер Коллинс" баспасы атқарды. Түзету оқырмандардың ұлттық ар-намысына тиетін бөлімдеріне жасалған. Бұл туындылар негізінен 1920 және 1976 жылдар аралығында жазылған. Мысалы, Африканы мекендейтін нубиялықтарды қорлаған мәтіндер мен сөз тіркестері алынып тасталған. Ағылшын қаламгерінің шығармалары алғаш рет редакцияланып отырған жоқ. Оның 1939 жылы "10 зәңгі" романы қазір көптеген елде "Ешкім де тірі қалған жоқ" деген атаумен жарияланып жүр.