Германияда көлік саласы қызметкерлері жаппай шеруге шықты

Германияда әуе рейстері кейінге шегеріліп, пойыз қатынасы тұралады. Бұған көлік саласы қызметкерлерінің жаппай шеруге шығуы себеп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сала қызметкерлері билік өкілдерінің жалақыны 10%-ке көтеруді талап етіп жатыр. Өйткені көбінің тұтынушылық қабілеті төмендеп кеткен. 1 тәулік бойы жалғасатын наразылық акциясына 350 мыңдай жұмысшы қатысады деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, Германияда жалақы мәселесіне қатысты шеру жыл басынан бері бірнеше рет өтті.

Ахим Штаус, теміржол кәсіподағының өкілі:

- Кәсіподақтардың шеруге шығуы бүкіл елге әсер етті. Вокзалдардың бәрі жұмысы тоқтап қалды. Соның кесірінен миллиондаған жолаушы зардап шекті. Тасымалдаушы компаниялар да шығынға батып жатыр.

Ронья, студент:

- Жылағым келіп тұр. Сұмдық қой мынау. Өз құқығын қорғап, көшеге шыққандарды түсінемін, дегенмен шеруден бүкіл жоспарым бұзылды.