Сауд Арабиясында жол апатынан 20 адам қаза тапты

Сауд Арабиясында жол апатынан 20 адам қаза тапты

Сауд Арабиясының оңтүстік батысында адамға толы автобус көпірге соғылып, аударылды.

Жол апатынан 20 адам қаза тауып, тағы 29 жолаушы жарақат алған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, апатқа автобус тежеуішінің істен шығуы себеп.