Израильде атышулы реформа тоқтатылды
Израиль премьер-министрі атышулы сот жүйесінің реформасын тоқтатып, келесі айға шегерді.
Биньямин Нетаньяху ұсынған өзгерістер сәуірде өтетін парламенттің жаңа сессиясында талқыға салынады. Үкімет сот жүйесіне парламент бақылауын күшейтуді жоспарлаған еді, бірақ оппозиция бастаған халық жаппай көшеге шығып, полициямен қақтығысып, соңы үлкен қарсылыққа ұласты. Сарапшылар бұл шерулерді ел тарихындағы ең ірі наразылық акциясы деп бағалады.
Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:
- Жалпы біз сот жүйесіне түзетулер енгізуді қажет табамыз және талап етеміз. Бірақ бұл мәселелерді қоғамның кең талқылауына саламыз. Онсыз болмайды. Сондықтан заң жобасының екінші және үшінші оқылымдарын өткізуден әзірге бас тартамын. Азаматтық қоғамның үніне құлақ асамыз.