Эквадорда лай көшкінінен жеті адам қаза тапты
Эквадорда селдетіп құйған жаңбырдан Алауси қаласында лай көшкіні жүріп, 7 адам қаза тапты.
16 тұрғын жарақат алды. Тағы 32 адам құтқарылып, 30-дан аса кісі із-түзсіз жоғалып кеткен. Табиғат апаты кезінде 163 үй қирап, 500-ден аса тұрғын зардап шеккен. Қазір апат ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
Луис Гонсалес, жергілікті тұрғын:
- Барлығы қас қағым сәтте болды. Лай көшкіні мына жердегі жотадан жүріп бүкіл отбасымды басып қалды. Не істейтінімді білмеймін. Қайғыдан қан жұтып қалдым.
Альберто Эскобар, дәрігер:
- Лай көшкіні бірнеше көше бойындағы барлық үйлерді басып қалды. Қазір іздестіру құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бір жерден айқайлаған адамның даусы шыққан еді. Құтқарушылар сол маңды аршып жатыр. Тағы жаңбыр жауып кетпесе болғаны.