Украинада әйел адам сотта дәрігердің қателігін дәлелдеп шықты

Украинада дәрігер мен науқас арасындағы дау қоғамның қызу талқысына түсті.

Жағдай осыдан 18 жыл бұрын болған. Дәрігер операция кезінде науқастың ішіне ұзындығы 30 см, салмағы 300 грамға жететін медициналық құралды қалдырып кеткен. Әйел сотта ақ халаттының қателігін дәлелдеп шықты.

Қалайы ас қасығына ұқсайтын бұл құрал медициналық тілмен Реверден шпателі деп аталады. Шпатель операция кезінде құрсақ қуысын тігіп, ішектерді ине жарақатынан қорғап қалу үшін да қолданады. Дәл осы құралды Винницалық дәрігер осыдан он сегіз жыл бұрынғы ота кезінде науқастың ішіне қалдырып кеткен. Операциядан кейін әйел жиырма жыл бойы интоксикация, яғни әлсіздік пен шаршаудан зардап тартқан. Дәрігердің салғырт ісін әйел сотқа беріп, 900 гривень, яғни 24 300 доллар өтемақы талап еткен.

Юлия Шпек, журналист:

- Дәрігер мен науқас арасындағы дау - қоғамның қызу талқысына түсті. Әрине біз бұл жағдайдан, бір жағынан,  үлкен сабақ алдық. Және даулы жағдайды назарда ұстап отырдық.

Бұл ота қарапайым емхана емес - Әскери-әуе күштерінің Винницадағы әскери-медициналық орталығында жасалған. Зардап шеккен әйел сотқа дәрігерді ғана емес, орталықты қоса берген. Бес жылға созылған соттың шешімі бойынша, аурухана салғырттығы дәлелденіп, зардап тартқан әйелге өзі сұраған 24 300 ақш долларын төлеу бекітілді. Кейін соттың бұл шешіміне қарсы аурухана аппеляциялық шағым түсіріп, шығынды 22 мыңнан 11 мың долларға түсіру туралы қарсы арыз түсірген. Бір қызығы, жергілікті сот бұл шағымды да қабылдап, қанағаттандырды.

Оксана Азумова, медицина қызметкері:

- Өз құқығын жақсы білген адам ғана қиын сәтте жеңіп шығады. Сондықтан заң тармақтарынең алдымен өзің үшін білгенің абзал. Өзіңнің құқығыңды біліп және оны талап ету - таң қалмайтын дүниеге айналуы тиіс.

Науқастың ішінде қалып қойған құрал, мультиспиральды компьютерлік томография кезінде ғана анықталған. Аурухана мойындаудан бас тартса да операция жасаған медициналық орталықтың қатесін науқас ұзақ жыл бойы табанды түрде күресіп жүріп, дәлелдеп шықты.

Аида Қыдырбай