АҚШ-та жүк пойызы апатқа ұшырады

Солтүстік Дакота штатында жүк пойызы апатқа ұшырап, қауіпті химиялық заттар төгілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апаттан пойыздың 70 вагонының 31-і релсьтен шығып кетіп, аударылып, 7-еуінен қауіпті химикаттар төгілген. Оның ішінде пропилен газы бар.

Оқиға кезінде ешкім зардап шекпеген. Жергілікті билік жақын маңдағы мекендерге де қауіп жоқ екенін мәлімдеп отыр. Апат осы жердегі теміржолдың бұзылуынан болған көрінеді.