Оман қалаларын топан су басты
Оманның бірнеше қаласы топан су астында қалды.
Төпелеп жауған нөсер салдарынан жолдар шайылды. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Дегенмен, ондаған көлік суға батқаны белгілі болды. Жергілікті ақпарат агенттіктері жауын бір тәулік бойы тоқтаусыз жауғанын хабарлайды. Қазір әлеуметтік желіде су басқан көшелер бейнеленген видеолар кең тарап жатыр. Билік өкілдері егер қауіп деңгейі көтерілсе ондаған аудан тұрғындарын эвакуациялау керек болады дейді.