Джо Байден: АҚШ банк жүйесі қалпына түсті
АҚШ президенті Джо Байден елдегі банк секторындағы дағдарыс басылды деп мәлімдеді.
Ақ үй басшысы енді мұндай жағдайға жол бермеуге мемлекеттің қауқары жетеді, банктерді бақылау күшейеді деп кесіп айтты. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды. Қазір нарықта жағдай тұрақталып келеді, банк жүйесі қалпына келді дейді саясаткер. Бұдан бөлек, Байден мемлекет бюджетін қысқартуды ұсынып отыр. Оның жоспары бойынша байларға салық мөлшері көбейіп, мемлекет шығыны азаюға тиіс. Бюджетті қысқарту арқылы, алдағы 10 жылда 3 трл долларды үнемдеуге болады. Тақауда Байден банк жүйесін бақылауды күшейтуге қатысты заңға өзгертулер енгізілуге тиіс деген. Бақылау бұрынғы президент Дональд Трамп кезінде басылып, қаржы институттарының басшыларын қатаң жазалау шаралары жеңілдетілген.