Әзербайжан мен Тәжікстан безгектен құтылған елдер қатарына енді
Әзербайжан мен Тәжікстан безгек ауруынан құтылған 42 елдің тізіміне кірді.
Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Кейінгі 3 жылда екі елде ауру жұқтырғандар жоқ. Ұйым өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл Әзербайжан мен Тәжікстанның қауіпті індетпен күресте тиімді жүргізген жұмысының нәтижесі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, безгек 42 мемлекетте жойылған. Жалпы безгек – масаның шағуы арқылы тарайтын инфекция. Мұндай вирус бар елдерге адамдар кіріп-шыққан сайын түрлі профилактикалық тексерулерден өтеді.