Австралияда аборигендерді қолдау талқыланып жатыр
Австралия үкіметі байырғы халықтарды қолдау жөніндегі заң жобасын парламент қарауына ұсынды.
"Байырғы халықтар мен Торрес бұғазы аралдары тұрғындары" деп аталатын ұйымды құру үшін елдің азаматтары референдумға қатысып дауыс береді. Қазір Австралияда байырғы халықтардың үлесі 3,2 процентті құрайды. 1960 жылға дейін бодандықтың бейнетін тартып, талай қорлық көрген халықтың, өзге тұрғындарға қарағанда тұрмысы нашар.
Марк Дрейфус, Австралияның бас прокуроры:
- Байырғы халықтар мен Торрес бұғазы аралдарының тұрғындары Австралия құрылығында 60 мың жылдан астам уақыт тұрып жатыр. Бұл адамзат тарихында мәдениетін үзбей өмір сүрген ең ежелгі халықтар. Алайда конституцяимызда олар жайлы айтылмаған.